Ресейлік танымал театр және кино актері Семен Фарада дүниеден озды
АСТАНА. Тамыздың 21-і. ҚазАқпарат - Ресейлік танымал театр және кино актері Семен Фарада ұзаққа созылған ауыр науқастан кейін кеше, тамыздың 20-сы күні кешке Мәскеу ауруханаларының бірінде дүние салды,
деп хабарлайды «РИА «Новости» агенттігі.
Кеңес және орыс киносының үздік комедиялық актерларының бірі -Семен Фарада 1933 жылы желтоқсанның 31-інде Мәскеуде, әскери қызметкердің отбасында дүниеге келген. Семен Фараданың нағыз тегі -Фердман болған. Танымал актер «Сол баяғы Мюнхгаузен» (1979 ж.), «Сиқыршылар» (1982), «Менің досым Иван Лапшин» (1984), «Махаббат формуласы» (1984), «Гардемариндар, алға» (1987) және т.б. 70 шақты фильмге түскен.