Ресейлік телеарнаның тілшісі Дамаскідегі қақтығыста жараланды
АСТАНА. 22 шілде. ҚазАқпарат - Russia Today телекомпаниясының тілшісі Сирия астанасының маңында жараланды.
Телекомпания Twitter-інің хабарлауынша, тілші қақтығыс алаңында сюжет жасаған.
Жапа шегуші Ибрагим Исса RT-да штаттан тыс қызмет еткен.
Иссаның миномет снарядының жарқыншағымен жараланғаны анықталды. Оның жанында болған "Русия аль-Яум" тілшісі зардап шекпеген.