Ресейлік теннисші Евгений Королев Қазақстан атынан өнер көрсетпекші

АСТАНА. Қаңтардың 11-і. ҚазАқпарат - Әлемнің 53-ші теннисшісі 21 жастағы мәскеулік Евгений Королев Қазақстан атынан өнер көрсетпекші.
None
None

Ресей Теннис федерациясының президенті Шамиль Тарпищевтің айтуынша, Қазақстан Теннис федерациясы спортшыға өте тиімді қаржылық шарт ұсынған. «Еуроспорт» сайтына сұхбат берген Ш.Тарпищев: «Мен бұл ауысуға қарсымын. Дегенмен, ойыншымен біздің федерация ұсынуға шамасы жетпейтін келісімшарт жасалса, қарсы тұру қиын», депті.

Бұған дейін Қазақстан атынан ресейлік Андрей Голубев, Михаил Кукушкин, Ярослава Шведова, Галина Воскобоева, сонымен қатар болгарлық Сесиль Каратанчева өнер көрсете бастаған болатын. Ресей Теннис федерациясы басшысының сөзіне қарағанда, ресейлік жас теннисшілерге шағын және орта бизнес тарапынан демеушілік қысқаруда, бұл өз кезегінде Ресейдің ересектер құрамасының сапындағы спортшылардың жетіспеушілігіне әкелуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар