Ресейлік триатлоншы Ольга Ерофеева Қазақстан азаматтығын алды
АСТАНА. 24 ақпан. ҚазАқпарат -Ресейлік триатлоншы Ольга Ерофеева Қазақстан азаматтығын алды. Ол енді Ресейдің емес, біздің елдің намысын қорғайтын болады.
Бұл туралы «Аламан» ұлттық спорт порталына Қазақстан Триатлон федерациясының басшысы Юрий Соловьев мәлімдеді.
«Ерофеева Қазақстан атынан Лондон Олимпиадасына қатысады. Қазір Дмитрий Гааг екеуі Кипр елінде жаттығу жұмыстарын өткізіп жатыр. Алда бірнеше ірі халықаралық турнирлерге қатысады»,- деді Федерация басшысы.