Ресейлік туристер Қырғызстанда таудағы қар көшкінінің астында қалды

БІШКЕК. Тамыздың  12-сі.  ҚазАқпарат /Владимир Добровольский/ -   Кеше Қырғызстанның Нарын  облысында    5 туристен  тұратын  топ   Қызыл Әскер   шыңының    маңайында      қар көшкінінің астында  қалып  қойды, 

Ресейлік  туристер  Қырғызстанда   таудағы    қар көшкінінің    астында  қалды

деп   хабарлады   Қырғыз  Республикасы Төтенше   жағдайлар  министрлігінің баспасөз қызметінен.

Ведомствоның  ақпараты  бойынша,  оқиға салдарынан  1  адам қаза   болды,    топтың қалған  мүшелері      жарақат алды, ауыр жарақат алғандар   да бар.     Барлық альпинистер  - Ресей  азаматтары.

Зардап шеккендер  ресейлік елшілік тапсырыс берген    Қырғыз   Қорғаныс министрлігінің  тікұшағымен    Бішкекке    жеткізіледі.   Олар  қазір    Нарын облысындағы базалық лагерьде  жатыр.