Ресейлік ұшақ Ыстамбұлға қонар сәтте түрік лайнерімен соқтығысуға шақ қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейлік «Победа»  әуе компаниясының Boeing-737 ұшағы Ыстамбұлдағы Ататүрік әуежайына қонар сәтте осы кезде жоғары көтеріле бастаған түріктің жүк тасымалдайтын Pegasus ұшағына соқтығыса жаздап, небәрі 205 метр ғана қашықтықтан өтті, деп жазады iz.ru.

Ресейлік ұшақ Ыстамбұлға қонар сәтте түрік лайнерімен соқтығысуға шақ қалды

Haberturk тееарнасының хабарлауынша, Мәскеуден  шыққан   Boeing-737  ұшқышы қатты желдің салдарынан бірінші әрекетінде қондыра алмаған. Салдарынан әуе кемесі  ұшақтардың жоғары көтерілер жолынан бір-ақ шыққан.

Ыстамбұлдан Измирге бағыт алған түрік рейсінің ұшқышына жоғары көтерілген сәтінде соқтығыспас үшін оң жаққа күрт бұруына тура келген.

Бұдан соң ресейлік ұшақ сәтті қонды. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ. Түркиялық авиация билігі оқыс оқиғаның себеп-салдарын тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.