Ресейлік ветеринар Қазақстанға 20 жылқы жөнелтпек болған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанға мал әкелу құжатын қолдан жасаған Новосібірлік ветеринар ірі көлемде айыппұл төлеуі тиіс. «Дәрігер Қазақстанға 20 жылқы өткізу үшін сертификат ресімдеуге 4000 рубль алуға келіскен, деп хабарлады Новосібір ФСПҚ басқармасынан.
«Бұл үшін ол әріптесінен мысықты көрмеге шығару үшін құжат ресімдеу қажет екенін айтып бланкілер алады. Ол үйінде жылқы туралы жалған деректерді сертификатқа енгізген».
Оның бұл әрекеті әшкере болды. Жеңілдетуге болатын мән-жайларды ескеріп, сот оған 170 мың рубль айыппұл салды. Ол бірақ айыппұлды төлеуге асықпады, деп хабарлады Новосібір КП.
Сот приставы борышкерге ақшаны төлемесе, қылмыстық жаза көзделгенін ескертті, содан кейін ол бір апта ішінде барлық соманы жапты.