Ресейлік «Зенит» алаңға жүгіріп шыққан мысықтың кесірінен айыппұл төлейтін болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Зенит» алаңға жүгіріп шыққан Машка атты мысықтың «әбес қылығы» үшін 5 мың рубль айыппұл төлейді.

Ресейлік «Зенит» алаңға жүгіріп шыққан мысықтың кесірінен айыппұл төлейтін болды

«Зенит» футбол командасына Ресей Кубогінің 1/8 финалында 25 мың рубль айыппұл салынды. Ойын кезінде алаңға мысық жүгіріп шығып, алаңның сол жақ бойымен жүгірген.

«Зенит» қақпашысы Юрий Лодыгин жануарға жақындағанда мысық алаңнан қашып кеткен. Оны «Зенит» қызметкерлері алаң сыртында ұстады. «Петровский» жұмысшыларының айтуынша, бұл жерде бұрыннан Машка есімді мысық мекендейді.

Мысық үшін «Зенитке» 5 мың және жанкүйерлерінің пиротехника пайдаланғаны үшін тағы 20 мың айыппұл салынды. Алайда мұндай соманы қарсыласы «Тосно» да төлеуге мәжбүр болды, деп хабарлайды ресейлік БАҚ.