Ресейлік зейнеткер мемлекеттік лотереядан 13 млн рубль ұтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Псков облысының тұрғыны мемлекеттік лотереядан шамамен 13 млн рубль ұтты. Лотереялық компаниядан хабарлағандай, ер адам 360 рубльге билет сатып алып, 36 санның 5-уін дәл тапты.
None
None

Сөйтіп ұтыс 12 817 245 рубльді құрады.

Мемлекеттік лотереяның баспасөз қызметі өкілінің айтуынша, ер адам ұтысты алды, енді ол бұл қаражатты жөндеу жұмыстарына бағыттамақ. Сонымен қатар зейнеткер ұтыстың 13 пайызын салыққа төлеуі тиіс. Бр қызығы, ұтыс билетін ер адам құрылыс дүкеніне барғанда сатып алған.

Фото: Михаил Фомичев / РИА Новости

Соңғы жаңалықтар