Ресейлік ЖОО-ларға үш мың студент жетіспейді
АСТАНА. Тамыздың 21-і. ҚазАқпарат - Ресей білім беру ведомствосына бағынышты 85 жоғары оқу орнына талапкерлерді қабылдау аяқталғаннан кейін педагогикалық және техникалық мамандықтарға үш мың адам жетіспей қалған,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік «Жаңалықтар» агенттігіне сілтеме жасап.
Ведомство басшысы Николай Булаевтың айтуынша, жоғары оқу орындары студенттерді қабылдауды жұма күні аяқтаған. Барлық бюджеттік орындарды «жаппаған» оқу орындары өз құрылтайшыларының келісімі бойынша тамыздың 31-інде аяқталатын қосымша қабылдау жариялай алады.
«Ресей білім беру ведомствосына бағынышты 345 ЖОО-ның 260-ы қабылдау жоспарын аяқтады, ал 85-іне - бюджеттік орындарға студенттер жетіспейді», - деді Булаев.