Ресейлік жүргізушілердің тең жартысы ескі көлікпен жүреді

АСТАНА. 3 наурыз. ҚазАқпарат - «Автостат» агенттігінің қызметкерлері ресейліктердің қандай көлікпен жүретінін зерттеді.
None
None

Оның нәтижесі бойынша, олардың көбі ескі «темір-терсек» мінетін болып шықты. Сонымен, Ресей жолдарын тоздырып жүрген көліктердің орташа жасы 12,5 жылды құрайды, дейді beta.novoteka.ru сайты. 

Әрине, Ресейде заманауи суперкөліктер жоқ деуге бола қоймас, дегенмен, ондағы мәшинелердің екеуінің бірі 10 жастан асқан «ескі арба» деп айтуға болады. Статистикалық мәліметтер бойынша, мұндай көліктер елдегі барлық көліктің 49,6 пайызын құрайды екен.

Онымен қоймай, бұл «темір-терсектердің» негізгі бөлігі ресейлік маркалар болып шыққан. Таратып айтсақ, Lada-ларның орташа жасы - 13,8 жыл, УАЗ-дікі ­- 15,4 жыл, ГАЗ-дікі - 15,7 жылдан.

Ал шетелдік көліктердің де «көнекөздері» Ресейде көптеп кездесетін көрінеді. Мәселен Audi-лердің орташа жасы - 16,1 жыл, Mercedes пен BMW - 13,2 жыл, Volkswagen ­- 13,1 жыл, Toyota ­- 12,5 жыл, Opel - 12 жыл.

Дегенмен, жылдан жылға Ресейдің автопаркі жасарып келеді. Мәселен, 2010 жылдың басы мен соңындағы деректер бойынша орташа жас 12,8-ден 12,5-ке дейін азайған.

Соңғы жаңалықтар