Ресейліктер Қазақстанды ең сенімді әріптес деп таныды

САНКТ-ПЕТЕРБОР. 14 желтоқсан. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Ресейліктердің пікірінше ТМД аумағы бойынша ең сенімді әріптес ол - Қазақстан (37 пайыз).

Ресейліктер Қазақстанды ең сенімді әріптес деп таныды

Былтырғы жылы көшбасшы болған Беларус енді екінші орынға түсті (23 пайыз). Бұл Бүкілресейлік қоғамдық пікірді оқу орталығының жүргізген сауалнама нәтижесі, сауалнама барысында ресейліктер ТМД ішінен өз елінің ең сенімді әріптесі қандай мемлекет екенін анықтап көрсеткен.

Ресей азаматтарының пікірінше, Қазақстан ТМД кеңістігі бойынша ең тұрақты әрі жемісті дамыған мемлекет (34 пайыз, бір жыл бұрын 29 пайыз болған). Екінші орында Беларус елі тұр (41 пайыздан 31 пайызға дейін төмендеген). Үздік үштіктің соңында өлшенген кезең бойынша ұстанымын ректордтық дәрежеде өсірген Украина мемлекеті тұр (5 пайыздан 19 пайызға дейін артқан). Одан әрі Армения (9 пайыз), Әзірбайжан (6 пайыз), Молдова мен Түрікменстан (5 пайыз дауыс), Өзбекстан мен Грузия (3 пайыз) мемлекеттері тізімделген. Ресейліктердің пікірінше, Қырғызстан мен Тәжікстан да бұрынғыдан қарағанда тұрақты мемлекетке айналған, бұл елдер сәйкесінше 2 және 1 пайыз дауыс жинаған.

Бүкілресейлік сауалнама 2010 жылғы 23-24 қазан аралығында өткен. Сауалнамаға 138 елді мекен мен 46 облыс, сонымен қатар Ресейдің шалғай аймақтарынан 1 600 адам қатысқан.