Ресейліктер Маңғыстаудың қасиетті жерлері туралы фильм түсіреді

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ресейлік саяхатшылар «Тұзбайыр тұзы» атты деректі фильм түсірді. Бұл туралы tumba.kz хабарлады.

Ресейліктер Маңғыстаудың қасиетті жерлері туралы фильм түсіреді

Фильмде 2017 жылдың күзінде Маңғышлақ түбегіндегі далада жол талғамайтын көліктермен саяхат туралы айтылады. Сапарды «RED Off-road Expedition» автоклубы ұйымдастырған.

«Тұзбайыр тұзы» атты деректі фильмде Маңғыстаудың саяхатшыларды қызықтыратын ерекшеліктері, көрікті жерлері, сондай-ақ экспедицияға қатысқан қатысушылардың пікірлері келтірілген.

Айта кетейік, бұдан бұрын автоклубтың қатысушылары «RED Off-road Expedition: Әлем шөлдері. Қазақстан» деректі фильмін шығарған еді. Онда 2016 жылдың желтоқсанында қар басқан Маңғыстау облысына жасалған сапар баяндалған.