Ресейліктер өткен жылы жаңа көлікке 71 млрд. доллар шығындады

АСТАНА. 22 қаңтар. ҚазАқпарат - Өткен жылдың қорытындысы бойынша Ресейде жаңа жеңіл автомобильдердің сатылымы 71 млрд. долларды құрап, 2011 жылмен салыстырғанда 21 пайызға артты,

Ресейліктер өткен жылы жаңа көлікке 71 млрд. доллар шығындады

деп хабарлады Ресей «Жаңалықтар» агенттігі.

Ресейде шығарылған көліктердің сатылымы 3 пайызға төмендеп, 6,7 млрд. долларды құраған. Ал Ресейде шығарылатын шетелдік көліктер болса, 32 пайызға өсім көрсеткен. Сонымен қатар Ресейге импортталған көліктердің жалпы құны 33,1 млрд. долларға жетті. Жалпы өткен жылы 2,76 млн. көлік сатылған.