Ресейліктер сайлау барысында келесі көктемнен бастап ұялы телефонның көмегімен дауыс бере алады

АСТАНА.   Тамыздың 3-і. ҚазАқпарат - Ресейде   ел  азаматтары   өз кандидаттары  үшін  келесі  жылдың көктемінен бастап  ұялы  телефонның көмегімен дауыс беру мүмкіндігіне  ие  болады,

Ресейліктер сайлау барысында  келесі      көктемнен  бастап    ұялы телефонның көмегімен  дауыс бере  алады

деп  хабарлайды   «Маяк»  радиостансасы   РФ Орталық  сайлау комиссиясының  төрағасы  Владимир  Чуровтың   мәлімдемесіне  сілтеме жасап.

В.Чуровтың  нақтылауынша,  олар  2010 жылдың  наурыз айынан  бастап   ұялы  телефонның  көмегімен     дауыс  беру    жүйесін  енгізуді жоспарлап  отыр. Сайлаушылар    берген дауыстарының  дұрыс тіркелгенін   қашықтықтан  электрондық дауыс беру  технологиясы көмегімен  тексере алады.  Ол технологияны   Орталық сайлау комиссиясы  әлі әзірлеп жатыр.

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Геннадий Райковтың айтуынша, көңілі  қалаған  кез-келген  адам  өз дауысын,   тіпті шетелде  жүріп те бере алады.

Электрондық дауыс беру мәселелеріне  жауапты   Райковтың айтуынша,   жаңа жүйе  тексеруден  өткізіліп,    қажетті техника  іске   қосылған.  Қазір     мәселенің  заңнамалық   жағы      қарастырылуда.  Оның айтуынша, ең алдымен,  электрондық дауыс беру  туралы заң  қабылдануы  керек.

Сәйкес құжатты    Мемлекеттік   Дума  жылдың соңына  дейін   мақұлдайды.   Содан кейін ғана,   Ресей  азаматтары    ұялы телефонның көмегімен  кандидаттарды  таңдау  құқығына ие  болмақ.