Ресейліктер заңды неке үшін кезекке тұруға қарсы шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейлік АХАЖ бөлімдері заңды түрде некелескісі келетіндердің саны артуына байланысты енді тәулік бойы немес е 16 сағаттық жұмыс кестесіне өтуі мүмкін, деп жазады ТАСС.

Ресейліктер заңды неке үшін кезекке тұруға қарсы шықты

Бұл ұсынысты Әділет министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңес мүшесі Владислав Гриб мәлім етті, деп жазған «Инвестия» газетінің бүгінгі бейсенбілік санында.

«Некені тіркеу тек жұмыс уақытында ғана тіркеу дұрыс емес. Кезекке тұрушылар көп, шағымдар түсіп жатыр. АХАЖ бөлімдерінің жұмыс уақытын ұзарту керек, яғни үлкен қалаларда Неке сарайлары ен болмағанда түнгі сағат 11-12-ге дейін істеуі керек», - деген В.Гриб басылымға берген сұхбатында. Қазіргі кезде, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, некені тіркеу үшін мемлекеттік баж салығының көлемі 350 рубльді құрап отыр, алайда оны түнгі уақытта тіркеу одан қымбатқа түсуі мүмкін, себебі АХАЖ қызметкерлеріне үстеме ақы төлеу керек болады, - дейді В.Гриб.