Ресейліктерді қызықтырып, 28 млн. рубль ақшасын қағып алған 72 жастағы Қарағандының тумасы ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат -Мәскеуде қаржылық пирамида құрып, азаматтарды еліктіріп, 28 миллион рубльден астам қаржысын қағып алған 72 жастағы Қарағандының тумасы ұсталды, деп хабарлады 360tv.ru.
None
None

РФ ІІМ Мәскеу бойынша Бас басқармасынан хабарлағандай, алаяқ, Қарағандының тумасы зардап шегушілерді әртүрлі банктерде несие алып, алынған ақшаларын «бизнес-жобаға» салуға сендіріп, үлкен мөлшерлеме беруге уәде еткен. Өздерінің достары мен таныстарын тартқан адамдарға да төлемдер берілетініне уәде етілген.

«Азаматтардан заемдық ақша қаражаттарын алған алаяқ оларға несиенің 10 пайызға жуығын төлеген, қалғанын кейінірек беруге міндеттенген. Несиегерлерді сендіру үшін алғашқы кезде заемдар бере бастаған, бірақ та кейіннен банктерден қордаланып қалған борыштары жөнінде телефон қоңыраулары түскен кезде, «бизнес-әріптес» байланысқа шықпаған», - деп әңгімеледі құқық қорғаушылар.

Алаяқ зейнеткер Орталық округтегі пәтерлердің бірінде ұсталған. Алаяқтық қылмыс 2012-2015 жылдар аралығында өрістеген. Оған қатысты РФ ҚК 159-бабымен («Аса ірі көлемдегі алаяқтық») қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды.

Соңғы жаңалықтар