Ресейліктердің төлқұжатына саусақ іздері енгізіледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей үкіметі өз азаматтарының шетелдік төлқұжатындағы мәліметтердің тізбесін өзгертті.
2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұл елдің төлқұжаттарында қолдың екі саусағының іздері туралы ақпарат болуы тиіс.
Атап айтқанда, ондағы папиллярлық өрнектердің бейнесі төлқұжатта орнатылған электронды жадыда сақталады.
Ресейдің Федералды көші-қон қызметі әзірлеген құжат бүгін жарияланады деп күтілуде.