Ресейлік астықтың заңсыз транзиті Қазақстанның экспортына кедергі келтіруі мүмкін
«Қазақстанның Астық одағы» ЗТБ төрағасы Нұрлан Оспанов ресейлік астықтың Қазақстан арқылы транзиті жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды Kazinform.
«1,5 млн тонна (Ресейден жеткізілген астық) ресми түрде кіргізілді. Бірақ астық бейресми түрде жеткізіліп, одан әрі Орталық Азияға қайта экспортталатынын бәрі біледі. Бұл астық біздегі өңдеушілерге бағытталып кіргізіледі, алайда өңдеушілердің кейбірі өз міндетін адал орындамай жатуы мүмкін. Сондықтан реэкспорт проблемасы бар, біздің нарықтарға транзит әлі де көбейіп келеді», - деді Н. Оспанов Мәжілісте еліміздің астық нарықтарын талқылауға арналған жиында.
Оның айтуынша, Ресейден келетін астық транзитін реттеу қажет.
«Ресей астығы Қазақстан арқылы біз астықты сатпақ болған нарықтарға өтіп жатыр. Сондықтан біз Үкіметтің назарын транзитті қандай да бір жолмен реттеу қажет екеніне аударамыз. Өйткені бұл елдерге астық пен ұн тасымалы неғұрлым көп болса, соғұрлым осы мемлекеттерге Қазақстан өнімін өткізу қиындай түседі», - деді «Қазақстанның Астық одағы» ЗТБ төрағасы.