Ресейлік клуб Зайнутдиновқа таңданысын білдірді
Мәскеудің ЦСКА клубы өзінің бұрынғы футболшысы Бахтиер Зайнутдиновтың Қазақстан құрамасындағы жетістігіне қатысты пікірін білдірді. Кazinform агенттігі бұл туралы Sports.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
«Біз бұл жаңалықты елеусіз қалдыра алмадық!» Бахтиер Зайнутдинов – Қазақстан құрамасының тарихындағы үздік бомбардир! 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу матчында Баха Финляндияға қақпасына дубль жасап, 14 голмен өз командасының тарихындағы үздік бомбардир атанды!" – деп жазған клубының баспасөз қызметі.
Еске сала кетсек, футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу сатысында Қазақстан құрамасы сегізінші ойынын Финляндияға қарсы өткізіп, қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті.
Финляндия құрамасын жеңгеннен кейін Қазақстан 15 ұпай жинап, H тобындағы турнир кестесінде үшінші орында тұр. Сегіз турдан кейінгі командалардың көрсеткіші келесідей: Словения – 19 ұпай, Дания – 19 ұпай, Қазақстан – 15 ұпай, Финляндия – 12 ұпай, Солтүстік Ирландия – 6 ұпай, Сан-Марино – 0 ұпай.