Ресейлік мүсінші Зураб Церетели қайтыс болды
АСТАНА. KAZINFORM — Монументалист суретші, Ресей көркемдік академиясының президенті Зураб Церетели 91 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды ТАСС.

Оның көмекшісі Сергей Шагулашвили ТАСС агенттігіне оның өліміне жүрегінің тоқтап қалуы себеп болғанын хабарлады.
— Зураб Константинович түнгі бір жарымда қайтыс болды. Біз қазір онымен қоштасу қашан болатынын шешіп жатырмыз, — деді ол.
Зураб Церетели — суретші, монументалист және мүсінші, педагог және қоғам қайраткері, КСРО, Грузия және Ресей Федерациясының халық суретшісі, Ресей көркемдік академиясының президенті. Тбилисиде туған. Ең ірі көркемдік жобаларды басқарды. 1970-1980 жылдары КСРО Сыртқы істер министрлігінің бас суретшісі, 1980 жылы — Мәскеудегі Олимпиада ойындарының бас суретшісі, 1995 жылы Мәскеудегі Поклонная төбесіндегі мемориалдық кешен құрылысының көркемдік жетекшісі, 1995 жылы Христос Құтқарушы шіркеуіндегі бұйымдарды құру жөніндегі бас суретші болды. Суретшінің туындылары Мәскеу, Ресейдің басқа қалаларының, ТМД елдерінің және көптеген шет елдің көшелері мен алаңдарын, мемлекеттік және қоғамдық ғимараттарды безендіріп отыр.
Бұған дейін Мемлекет басшысы жазушы, Қазақстанның Еңбек Ері Әкім Таразидің дүниеден өтуіне байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.