Ресеймен арада ірі қара етін тұрақты түрде экспорттау жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді - А. Күрішбаев

СТАНА. Сәуірдің 20-сы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Ресейліктермен ет экспортына байланысты нақты істер жоспары бекітілді.

Ресеймен арада  ірі қара етін тұрақты түрде экспорттау жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді - А. Күрішбаев

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мал өнімдерін, ең алдымен Кедендік одақ елдеріне шығарылатын еттің экспортын дамыту бойынша үлкен жұмыстар жүргізу керек. Бүгінгі таңда Ресеймен арада ірі қара етін тұрақты түрде экспорттау жөнінде уағдаластыққа қол жеткіздік»,-деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, кеше Мәскеуде екі ел ауыл шаруашылығы министрліктерінің бірлескен алқа мәжілісі өткізілген. Онда ресейлік әріптестермен бұл мәселе толығымен талқыланған.

«Атап айтқанда, ет экспортына қойылатын ветеринарлық және санитарлық талаптарды орындау шараларын жеңілдетуге арналған нақты істер жоспарын бекіттік»,-деді министр.