Ресеймен шекарада 200-дей жүк көлігі тұрып қалды

ОРАЛ. KAZINFORM – Батыс Қазақстан облысында Ресей Федерациясы бағытында 6 шілдеден бастап «Сырым» автомобиль өткізу бекетінде 200-ге жуық жүк көлігі тұрып қалды.

Ресеймен шекарада 200-дей жүк көлігі тұрып қалды
Фото: newscentralasia

Мемлекеттік кірістер комитетінен мәлім еткеніндей, Ресей тарапынан шекаралық бақылау процестерінің баяулауы кептелістің негізгі себебі болып отыр.

«Қолда бар ақпаратқа сәйкес Ресейдің шекара қызметі „Маштаков“ өткізу бекетінде инспекциялық-тексеру кешенінің жұмысындағы проблемаларға байланысты жүктерге физикалық бақылау жүргізеді. Қазақстандық тарап жағдайды реттеу үшін ресейліктермен жұмыс жүргізуде», — деп хабарлады ведомстводан.

Айта кетейік, ЕАЭО елдерімен шекарада мемлекеттік кірістер органдары тек тасымалданатын жүктерге мониторинг жүргізеді (5-7 минут ішінде), бұл кептеліс туғызбайды.

«Сырым» автомобиль өткізу бекеті штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар