Ресеймен шекарада қарға эстон азаматының төлқұжатын ұрлап кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ленинград облысындағы Ивангород автомобиль өткізу бекетінде қарға Эстония азаматының төлқұжпатын ұрлап кетті. Бұл туралы Ресей Солтүстік-Батыс ФКҚ сайтында хабарланды.
None
None

Көлік құралдарын кедендік рәсімдеу амалдары жүріп жатқан кезде Эстония азаматы төлқұжатын көрсетпек болып қолына ала берген кезде ғайыптан сап ете қалған қарға куәлікті тістеп алған да  ұшып кете барған. Бұл оқиғаны кедендік бекеттің лауазымды тұлғалары да көрген.  Олар азаматқа көмектеспекке ниеттеніп, кинологтарды иісшіл иттерімен қоса жұмылдырған бірақ құсты ұстау әрекеті сәтсіз аяқталды.

Полиция жасағы шақырылып, төлқұжаттың жоғалғандығы туралы өтініш толтырылды. Ивангород полициясы азаматты Санкт-Петербордағы эстондық консулдыққа жіберді. Жаңа құжаттарды алған соң ол үйіне оралды.

Бір қызығы, екі күн өткеннен соң төлқұжат табылды. Қарға оны жаяу өткізу бекетіне жақын маңға тастап кеткен көрінеді. Бірақ та құс оның бір бетін жұлып алғандықтан құжат жарамсыз болып шықты. 

Соңғы жаңалықтар