Ресеймен жүргізілген келіссөздердің нәтижесінде Қазақстан елімізге жеңіл автомобильдер әкелген кезде Беларуста қолданылатын режімге ұқсас жеңілдікті режімді қолдануға қол жеткізді

АНА. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай / - Кеден одағы аясында Ресеймен жүргізілген келіссөздердің нәтижесінде Қазақстан елімізге жеңіл автомобильдер әкелген кезде Беларуста қолданылатын режімге ұқсас жеңілдікті режімді қолдануға қол жеткізді.
None
None

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біздің азаматтарымыз жеңіл автомобильдерді әкелген кезде кедендік баждар еліміз үшін маңызды мәселе болып табылатыны өздеріңізге белгілі. Осы уақытқа дейін Қазақстан заңнамасында да, Кеден одағының заңнамасында да жеке тұлғалардың автомобильдерді әкелуінің ерекше тәртібі болған жоқ, үшінші елден автомобиль әкелген кезде баждар жалпы тәртіппен Бірыңғай кедендік тариф бойынша төленді. Келіссөздер нәтижесінде біз Қазақстан үшін ғана алымдар енгізуге келістік. Оған сәйкес Қазақстан халқы үшін жеңіл автомобильдер әкелген кезде Беларуста қолданылатын режімге ұқсас жеңілдікті режім қолданылатын болады», деді Премьер-Министр.

Оның сөзіне қарағанда, режім қозғалтқыш көлемі мен шығарылған жылына байланысты құбылмалы ставкаларды болжайды және 3 жылдан 10 жылға дейінгі автомобильдер үшін барынша жеңілдікті ставкаларды белгілейді.

«Бұл режім бойынша біз де бірқатар шектеулер енгізетін боламыз. Бұл Ресей Федаерациясының аумағына автомобильдерді қайта сату мақсатында пайдалануға жол бермеу. Өйткені, Ресей азаматтары үшін неғұрлым жоғары ставка қолданылатын болады», деді К. Мәсімов.

Үкімет басшысының айтуынша, бұдан басқа, күнтізбелік бір жыл ішінде бір жеке тұлға екі немесе одан да көп автомобиль әкелетін болса, баж ставкалары жоғары болады.

Соңғы жаңалықтар