«RESMI» ИҚҮ клиенттерге бейімделе түсу үшін бөлшек саудадан бас тарпақ

АЛМАТЫ. 12 қазан. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - «RESMI» Инвестициялық қаржы үйі (ИҚҮ) Басқармасының жаңа құрамы инвестициялық жарна қорларынан бас тартып, сервисті күшейту арқылы брокерлік-дилерлік қызметке ден қойғанды дұрыс деп санауда.

«RESMI» ИҚҮ клиенттерге бейімделе түсу  үшін бөлшек саудадан  бас тарпақ

Бұл туралы бүгін Алматыда өткен арнайы баспасөз мәслихатында «RESMI» Инвестициялық қаржы үйінің өкілдері мәлім етті.

Активтерді басқару ісіндегі көп жылғы тәжірибесі мен кәсіптік жетістіктеріне қарамастан «RESMI» ИҚҮ мамандары орташа мерзімді перспективада инвестициялық жарна қорларымен жұмыс жүргізудің дұрыс екендігіне күмән келтіріп отыр. «Инвестициялық жарна қорларына ақшаның аз аударылуы, рынок сыйымдылығының қысқаруы және экономиканы қалыпқа келтіру мерзімінің созылып кетуі ұжымдық инвестициялау институтының дамуына кері ықпал етті»,-дейді «RESMI» Инвестициялық қаржы үйінің өкілдері.

«RESMI» ИҚҮ АҚ Басқармасының төрағасы Александр Манаенконың айтуынша, бұл бүкіл команда жүргізген жұмыс нәтижесінде қабылданған шешім. «Біз жауапкершілік деңгейінің жоғары екендігін түсінеміз, сонда да тәуекелдікке бел буып отырмыз»,-деді ол.

Оның пікірінше, бөлшек саудадан бас тарту «RESMI» ИҚҮ АҚ -ның жаңаланған құрамдағы командасына экономикалық тұрғыдан анағұрлым тиімді жаңа жобаларды және бағыттарды дамытуға жол ашады.

«RESMI» ИҚҮ АҚ-ның Директорлар кеңесі жанындағы Стратегиялық даму комитетінің мүшесі Айдар Оспановтың айтуынша, 14 жылда жинақталған басқарушылық тәжірибе компанияға жаңа бизнес модельге жайлы түрде өтуге мүмкіндік бермек. ««RESMI» ИҚҮ ұйымдық және стратегиялық өзгерістерінің қолданбалы құндылығы тиімсіз жобаларды уақытында тоқтатып, клиенттер мен акционерлердің мүдделерін көздейтін перспективті бағыттарға зейін қоюда болып отыр. Сол себепті де бөлшек сауданы мақсат еткен басқарудан бас тарту мен компанияның бизнес-моделін тұтас алғанда қайта қарау осыған байланысты болып отыр», - деді ол.

Алдағы уақытта «RESMI» Инвестициялық қаржы үйі қолданыстағы заңдардың нормалары мен талаптарын сақтап және жарнашылардың мүдделерін ескере отырып, жылдың соңына дейін жарналарды сатып алу процесін аяқтауды жоспарлауда. Клиенттер үшін инвестициялық жарна қорларына балама ретінде сарапшылар халықтық IPO жобасын қарастыруда. Бағалы қағаздар рыногын дамыту перспективасымен қатар компания электронды сервис арқылы брокерлік- дилерлік қызметті де дамытудың перспективалары бар деп санайды. Бұнымен қатар, компания клиенттерге қызмет көрсету сапасын арттыруда «әмбебап рельстерден» және стандарт шешімдерден бас тартпақ, бұл шаруаны компания ағымдағы жылдың төртінші тоқсанына жоспарлауда.

«RESMI» ИҚҮ-ді маңызды сапалы өзгерістер күтіп тұр. "Қазір біз өнім линейкасын жаңалау және оны "клиентке" бейімдеу , әртараптандырылған тарифтік сетканы және CRM (customer relationship management -клиенттермен арадағы қарым-қатынастарды басқару) бағдарламасын енгізудеміз. Бұл өзгерістер сервиске, маркетинг және IT-ға құйылатын елеулі инвестициялармен қатар компанияға 2012 жылды жақсы дайындықпен қарсы алуға және бәсекелестік ортадағы орнын күшейтуге мүмкіндік береді", -деп атап өтті «RESMI» ИҚҮ АҚ Басқармасының төрағасы Александр Манаенко баспасөз мәслихатында.