Ресми коммюнике: Орталық Азия елдері электр қуатын бірлесіп генерациялауға ынталы

АСТАНА. KAZINFORM – Астанада өткен Орталық Азия елдері және Әзербайжан энергетика министрлерінің кездесуі қорытындыланып, ресми коммюнике қабылданды.

Энергетика министрі Қазақстан атынан Қытаймен энергетикалық келісімге қол қояды
Фото: primeminister.kz

Кездесудің ресми қорытындысында тараптар Орталық Азия елдерінің энергетика саласындағы әріптестігі үлкен әлеуетке ие екенін, өңірдегі энергетикалық ресурстар саудасын жан-жақты дамытып, жасыл экономика сияқты жаңа бағыттардағы ықпалдастықты тереңдетуге дайын екенін атап өтті.

Алмасадам
Фото: Агибай Аяпбергенов / Kazinform

«Тараптар өңірде электр қуатын жеткізудің әлеуеті жоғары екенін ескере отырып, қуатты генерациялайтын көздер құруға бағытталған жаңа жобаларды әзірлеудің мүмкіндігін қарастырады», - деп жазылған құжатта.

Орталық Азия елдері және Әзербайжан энергетика министрлерінің кездесуі
Фото: Агибай Аяпбергенов / Kazinform

Сондай-ақ, министрлер осы коммюникеде аталған шараларды ұтымды іске асыру үшін ведомство басшылары кездесуінің жұмыс органын құру бағытында диалог орнатуға уағдаласты.

Орталық Азия елдері және Әзербайжан энергетика министрлерінің кездесуі
Фото: Агибай Аяпбергенов / Kazinform