Ресми статистика азық-түлік 3,8 пайызға қымбаттағанын көрсетсе, нақты жағдай бұны 10 пайызға жеткізеді - депутат

АСТАНА. 11 желтоқсан. ҚазАқпарат - Ресми статистикалық мәліметтер бойынша жыл басынан бері азық-түлік тауарларына баға 3,8 пайызға артқан.
None
None

Бүгін Парламент Мәжілісінде еліміздегі азық-түлік өнімдерінің бағасын реттеу мәселелерін талқылау барысында депутат Уәлихан Бишімбаев осылай мәлім етті.   

«Бұл ретте азық-түлік емес тауарлар бағасы - 2,8 пайызға, ақылы қызметтер 7,5 пайызға артқан. Көрсеткіштер ынсапты да секілді. Алайда соңғы айлардағы нақты саудадағы, базардағы бағаларды білген сайын бұған күмәнмен қарауға тура келеді», - дейді У. Бишімбаев.

Депутаттың сөзіне қарағанда, соңғы айлардың өзінде ет 2,5-3 мың теңгеге дейін өскен. «Қымбаттау азық-түлік өнімдерінің барлық түрлерін қамтыды. Баға ең кемі 10 пайызға артып отыр. Ендеше бұндай бағаның өсімі жағдайында табысы күнкөрес себетінен де төмен азаматтар қалай жан бағады?», - деді депутат. 

Соңғы жаңалықтар