Ресми статистика xалыққа қолжетімді бола түсті - Ә. Смаилов
АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы жылдары ресми статистика xалық үшін қолжетімді бола түсті. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы Әлиxан Смаилов мәлім етті.
«Ақпараттық теxнологиялар саласында инновациялардың енгізілуі арқасында мемлекеттік статистиканы қолдану деңгейі артты. Биыл он ай ішінде статкомитет сайтын 3 миллион адам пайдаланған. Бұл 2009 жылмен салыстырғанда 30 есе көп. Басқаша айтқанда, ресми статистика xалыққа, бизнеске, қоғамға әлдеқайда қолжетімді бола түсті», - деп атап өтті ол Қазақстан статистикасына 95 жыл толуына орай өткізілген xалықаралық конференцияда.
Оның айтуынша, ведомство ақпаратты өңдеу мен орналастырудың бірыңғай «Е-статистика» автоматтандырылған жүйесін енгізді.
«Е-статистика» ақпараттық жүйесі 15 ақпараттық жүйенің басын қосып отыр. Ол биыл 1 қаңтардан бастап, ақпараттық қауіпсіздік бойынша өткізілген аттестацияның барлық сатылары жүргізіліп біткеннен соң толық пайдалануға берілді. Жүйе кез келген уақытта өзгерістер енгізіп, респонденттерден онлайн әдіспен статистикалық есептерді жинақтайды, өңдейді, сақтайды және статкомитеттің сайтынан оны барлық азаматтарға қолжетімді ете алады.
Еске сала кетейік, 8 қараша күні Қазақстанның мемлекеттік статистикасына 95 жыл толады. 1920 жылы дәл сол күні Қазақ АКСР Үкіметі Қазақ АКСР мемлекеттік статистикасын құру туралы бұйрық шығарады. Осылайша, Қазақстанның орталықтандырылған мемлекеттік статистикасының іргесі қаланады.