Ресми Вашингтон Пхеньянға қарсы санкцияларын күшейте түспек
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұл туралы бүгін АҚШ Мемлекеттік департаментінде өткен брифингте мемлекеттік хатшы Джон Керри мәлімдеді, деп хабарлады www.24.kz.
Ол Солтүстік Кореяның жаңа ядролық сынағына байланысты Қытайдың сыртқы істер министрі Ван Имен телефон арқылы тілдескенін жеткізді. Онда тараптар Пхеньянның әрекетіне қатысты алда қалай жылжу қажеттігі жайында пікір алмасқан.
Д.Керридің айтуынша, оның қытайлық әрптесі Солтүстік Кореядағы ядролық сынаққа алаңдаушылық білдіре отырып, алдағы уақытта оған қарсы қолға алынатын шаралар бойынша тығыз жұмыс жасайтынын қуаттаған. Қытай жағы жалпы Корей түбегін жаппай қырып-жою қаруынан аластатуға бар күшін салмақ. АҚШ Сыртқы саясат ведомствосының басшысы сондай-ақ әріптесіне КХДР-мен бұған дейін жүргізіп келген қарым-қатынас бұдан былай басқаша болатынын жеткізген.