Респонденттер соңғы 12 ай ішінде еліміздегі экономикалық жағдайдың жақсарғанын атап өтті

АСТАНА. 13 қазан. ҚазАқпарат - «Тұтынушылардың сезіну индексі» 2013 жылғы қазанда өткен аймен салыстырғанда төмендеді және (+15)% құрады. Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінің мәліметтерінде хабарланды.
None
None

2013 жылғы қазанда респонденттердің 28%-ы соңғы 12 ай ішінде еліміздегі экономикалық жағдайдың жақсарғанын атап өтті, сол уақытта респонденттердің 13%-ы жағдайдың нашарлағанын хабарлады.

«Экономикалық ахуал индексі» өткен аймен салыстырғанда төмендеді және (+15)% құрады. Респонденттердің үштен бірінен азы (28%) алдағы 12 айда елдегі жалпы экономикалық жағдайдың одан әрі жақсаратынын күтеді, ал 12%-ы жағдайдың нашарлауы мүмкін деп есептейді.

«Сатып алу тілегінің индексі» өткен аймен салыстырғанда 1 пайыздық тармаққа көтерілді және (+15)% құрады. 2013 жылғы қазанда респонденттердің үштен бірінен азы (28%) жеке үй шаруашылығындағы қаржы жағдайының жақсарғанын, сонымен бірге, респонденттердің 14%-ы өз үй шаруашылығындағы қаржы-экономикалық жағдайдың нашарлағанын атап өтті.

Респонденттердің 8%-ның пікірі бойынша еліміздегі жұмыссыздық деңгейіне қатысты ахуал алдымыздағы 12 айдың ішінде жақсарады десе, сол кездегі сұралғандардың 9%-ы оған қарама-қарсы пікірді алға тартуда. Алдымыздағы 12 айдың ішінде үй шаруашылығындағы ақшалай жинақ сомасының өсуі мүмкіндігін сұралған тұтынушылардың 18%-ы атап өтсе, 20%-ы оның кемитінін айтты.

Соңғы жаңалықтар