Респонденттердің 90 пайызы жыл сайын скринингілік тексеруден өтуге әзір - сауалнама

АСТАНА. 10 қараша. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрінің PM.kz ресми сайтында жүргізілген сауалнама қорытындысы бойынша респонденттердің 90 пайызы жыл сайын профилактикалық медициналық тексеруден (скрининг) өтуге әзір.
None
None

Cауалнамаға қатысқандардың 90 пайызы жыл сайын медициналық тексеруден өтіп тұруға ниетті екендерін білдірген. Оның ішінде, 76 пайызы «өз денсаулығының жағдайын біліп отырғысы келсе», 14 пайызы - тегін болғандықтан, медициналық тексеруден өтуге әзір.

Ал 10 пайызы медициналық тексеруден өтуге құлықсыз екендерін айтып отыр.

Қазақстанда Ұлттық скринингілік бағдарлама 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» бағдарламасының бір бағыты ретінде ағымдағы жылдың басында қолға алынған болатын.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, 2011 жылдың 9 айында 2 миллионнан астам ересек азамат скринингілік тексеруден өткен.

«Премьер-Министрдің сайтында жаңа сауалнама жүргізілуде. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына арналған бөлімге кіріп, «Өз ісіңізді ашуға дайынсыз ба?» деген сауалға өз пікірлеріңізді білдірулеріңізге болады», - деп хабар таратыпты ҚР Премьер-Министрінің PM.kz ресми сайты.

Соңғы жаңалықтар