Респонденттердің ширек пайызына жуығы алдағы 12 айда еліміздегі экономикалық жағдайдың жақсаратынын күтеді -Статистика агенттігі

АСТАНА. Желтоқсанның 11-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - ҚР Статистика агентігінің мәліметінше, Қазақстандағы респонденттердің ширек пайызына жуығы 12 айда елдегі жалпы экономикалық жағдайдың жақсаратынын күтеді,

Респонденттердің ширек пайызына жуығы алдағы 12 айда еліміздегі экономикалық жағдайдың жақсаратынын күтеді -Статистика агенттігі

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Экономикалық ахуал индексі» 2009 жылғы қарашада 1 пайыздық тармаққа өсіп, 5 пайызды құрады. Респонденттердің төрттен бірінен кемі, яғни 24 пайызы алдағы 12 айда елдегі жалпы экономикалық жағдайдың жақсаратынын күтеді, ал 19 пайызы жағдайдың нашарлауы мүмкін деп есептейді», делінген Агентік хабарламасында.

Агенттіктің мәліметінше,  «тұтынушылардың сезіну индексі» 2009 жылғы қарашада қазан айымен салыстырғанда 6 пайыздық тармаққа өсіп, 4 пайызды  құрады. Ағымдағы жылғы қарашада респонденттердің 23 пайызы соңғы 12 ай ішінде еліміздегі экономикалық жағдайдың жақсарғанын атап өтсе, сол мезгілде респонденттердің 21 пайызы жағдайдың нашарлағанын хабарлаған.

«Сатып алу тілегінің индексі» өткен аймен салыстырғанда 9 пайыздық тармаққа өсіп, 4 пайызы құрады. Респонденттердің төрттен бірінен көбі, яғни 26 пайызы ағымдағы жылғы қарашада жеке үй шаруашылығындағы қаржы жағдайының жақсарғанын және тиісінше өткен аймен салыстырғанда ұзақ пайдаланатын тауарларға сұраныстың өскені туралы хабарлады. Сонымен бірге респонденттердің 22 пайызы өз үй шаруашылығындағы қаржы-экономикалық жағдайдың нашарлағанын белгіледі», делінген агенттіктің мәліметінде.

    Респонденттердің 7 пайызының пікірі бойынша, еліміздегі жұмыссыздық деңгейіне қатысты ахуал алдымыздағы 12 айдың ішінде жақсарады десе, сол кездегі сұралғандардың 4 пайызы оған қарама-қарсы пікірде болған. Алдымыздағы 12 айдың ішінде үй шаруашылығындағы ақшалай жинақтар сомасының өсу мүмкіндігін сұралған тұтынушылардың 12 пайызы атап өтсе, ал 21 пайызы оның кемитінін айтқан.