Республика алаңындағы «Алмалы» сауда-демалыс кешені 2011 жылдың наурыз айында пайдалануға беріледі

АЛМАТЫ. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Алматыдағы Республика алаңында салынып жатқан «Алмалы» сауда-демалыс кешенінің құрылысы аяқталуға жақын.
None
None

Бұл туралы бүгін БАҚ өкілдерімен кездескен «Алмалы трейд» ЖШС директоры Гүлшат Нұрпейісова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Гүлшат Нұрпейісованың сөзіне қарағанда, кешеннің үстіңгі қабаты 90 пайызға дайын. «Қазір көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алдағы 2-3 күнде алаң ашылып, қозғалысқа мүмкіндік туады», дейді компания басшысы.

Оның айтуынша, үстіңгі қабаттың аумағы 15 мың шаршы метр. Бұнда 10 субұрқақ, балалар алаңы, қыста мұз айдыны, роликдром, көгалдандырылған шағын саябақ орын тебеді. Ал жер астына 2 қабатты сауда орталығы мен 3 қабатты көлік тұрағы салынуда. Бұлардың жалпы көлемі 25 мың шаршы метр. «Қазіргі уақытта ішкі қабаттың 70 пайызы, коммуникациялық жүйелердің 50 пайызы жасалып бітті. Алматыда жер сілкінісінің қауіптілігі 9+1 балл. Сондықтан құрылыс жұмыстары осындай күшке шыдамды етіп жасалуда. Бұны 10-ға жуық құзырлы органдар күнделікті тексеріп отырады», дейді Г.Нұрпейісова. Жалпы құны 35 миллион долларлық сауда-демалыс кешені келер жылдың наурыз айында толық пайдалануға беріледі.

Алматылықтар мен қала қонақтары әзірге тек сауда орталығының Республика алаңымен жалғасқан үстіңгі қабатын ғана тамашалай алады.

Соңғы жаңалықтар