Республика аумағында апта ішінде 1997 қылмыс жасалды

АСТАНА. Қазанның 20-сы. ҚазАқпарат - Республика аумағында апта ішінде 1997 қылмыс жасалды, оның ішінде «ізі суымай» - 1558-і, сондай-ақ бұрын жасалған 306 қылмыс ашылды.

Республика аумағында апта ішінде 1997 қылмыс жасалды

Бұл туралы бүгін ІІМ өткізілген баспасөз хатшысы Қуанышбек Жұманов хабарлады.

Апта ішінде 57 қылмыс жасаған күдікті ұсталып, 15 қару тәркіленді. Сонымен қатар 118 есірткі қылмысы, оның ішінде 16 есірткі сату фактісі анықталды. Бір тоннадан (1,173 кг) астам есірткі, оның ішінде 4 келіден астам героин тәркіленді.
ІІМ-нің Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитетінің қызметкерлері «Дельта-Долина» бөлінісімен бірлесіп жүргізген арнайы операция барысында Жамбыл облысының Шу ауданында 32 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Одан 983 келі дайындалған марихуана тәркіленді.

Қарағанды облысының Приозерск қаласы арнайы полиция бөлімінің патрульдік қызметкерлері Ресей Федерациясының 36 жастағы азаматын ұстады. Тексеру кезінде одан 250 грамм марихуана тәркіленді. Сонымен қатар ұсталған азаматтың жалға алған гаражын тінту кезінде полицейлер жалпы салмағы 217 келіні құрайтын 13 қап марихуананы тәркіледі. Бұл факт бойынша тергеу жүргізілуде.