Республика аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2012 жылға арналған квота белгіленді

АСТАНА. 12 мамыр. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің Қаулысымен Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2012 жылға арналған квота белгіленді.
None
None

ҚазАқпарат құжаттың мәтінін таратады.

 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

 Астана, Үкімет Үйі 2011 жылдың 28 желтоқсанынан №1623 бұйрық

Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2012 жылға арналған квотаны белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2012 жылға арналған квота республиканың экономикалық жағынан белсенді халқына шаққанда 1,0 пайыз мөлшерінде белгіленсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

                                                                         Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.

Соңғы жаңалықтар