Республика аумағында «Қару-2010» жедел алдын алу іс-шарасы өтті

Астана. Сәуірдің 21-і. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 12-16 сәуір аралығында атыс қаруын қолдана отырып жасалған қылмыстарды ескерту, жолын кесу және алдын алу мақсатында ішкі істер органдары республика аумағында «Қару-2010» жедел алдын алу іс-шарасын өткізді,

Республика аумағында «Қару-2010» жедел алдын алу іс-шарасы өтті

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, іс-шара барысында 139 мыңнан астам атыс қаруының иелері, аңшылық және балық аулау шаруашылығы аумағында 1982 аңшы тексерілді.

Нәтижесінде қару айналымы саласында 5700 әкімшілік құқық бұзушылық және 229 аң аулау ережесін бұзушылық анықталды, онда 5021 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 679 материал сотқа жолданды. Осы тәртіп бұзушылық бойынша жеке қару иелерінен 5196 бірлік тіркелген азаматтық қару алынды.

Жұмысты жүргізу кезіңінде 913 заңсыз сақталынған қару тәркіленді, соның ішінде газды қару, қолдан жасалған атыс қарулары, гранаталар және жарылғыш заттар бар.