Республика аумағында тасқын су басқан тұрғын үйлер жоқ - ТЖК

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елді мекендерді тасқын су басудың алдын алу мақсатында жергілікті атқарушы органдар ТЖК бөлімшелерімен бірлесіп, алдын алу шараларын өткізуде.

Республика аумағында тасқын су басқан тұрғын үйлер жоқ - ТЖК

ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінің хабарлауынша, әзірге Жамбыл облысында - 1100, Қарағанды облысында - 560, Оңтүстік Қазақстан облысында - 5700, жалпы ұзындығы 7360 метр уақытша бөгендер тұрғызылды; 33880 дана құм салынған қап жиналды және төселді, соның ішінде Ақмола облысында - 5880, Жамбыл - 920, Қарағанды - 8280, Павлодар - 3300, Оңтүстік Қазақстан облысында - 15500; 233395 текше метр су сорылды, соның ішінде Ақмола облысында - 56664, Шығыс Қазақстан - 85321, Қарағанды - 687,5, Павлодар - 89724, Оңтүстік Қазақстан облысында - 998,5 текше метр.

Апаттық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге 165 адам, 41 техника, 13 су сору құрылғысы жұмылдырылды.

Республика аумағында еріген қар суын сору іс-шаралары жүргізілді және тасқын су басқан тұрғын үйлер жоқ.

Сонымен бірге, Қазгидрометтің хабарлауынша, 13 сәуірге дейін Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында  күннің жылынуына байланысты қардың еруі күшейеді, өзендердегі су деңгейі көтеріліп, тасқын болуы ықтимал.

12 сәуірге дейін Шығыс Қазақстан облысында ауа температрасының жоғарылауынан қар күрт еріп, өзендердегі су деңгейі көтеріледі,  сең кептеліп, арнадан асқан судың сыртқа жайылуы күтілуде.