21:08, 03 Қазан 2013 | GMT +5
Республика аумағының басым бөлігінде жауын-шашын болады - Қазгидромет
АСТАНА. 3 қазан. ҚазАқпарат - 4 қазан күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын болады, жел күшейеді. Республиканың солтүстігінде түнде кей жерлерде жауын-шашын болады (жаңбырдың соңы аралас қарға ұласады). Тек республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. Бұл туралы «Қазгидрометке» сілтеме жасап, ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.

Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе облыстарында, күндіз Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа күшейеді, Қостанай облысында түнде және кей жерлерде таңертең тұман түседі. Күндіз Алматы облысында Алакөл өзені ауданында 15-20 м/с жел соғады деп күтілуде, жел екпіні 25 м/с-тан асады.
Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында кей жерлерде және орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Жақын тәуліктерде республиканың оңтүстігі, оңтүстік-шығысы және шығысының таулы өзендерінде су деңгейінің тұрақсыздығы байқалады.