Республика аймақтарында екі адам суға кетті

АСТАНА. 25 тамыз. ҚазАқпарат - Республика аймақтарында шомылу кезінде екі адам суға кетті. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспаөз қызметінен хабарлады.

Республика аймақтарында екі адам суға кетті

Ақтөбе қаласында 41 жасар ер адам суға кеткен. Мәйіт ҚР ТЖМ Ақтөбе облысы ТЖД судан құтқару қызметінің көмегімен (4 адам, 1 техника) шығарылды.

Алматы облысы Талғар ауданының Өстемір ауылында кеше сағат 17.00-де Темірлан көліне 51 жасар ер адам батып кетті.

Оның денесі сағат 17.30-да жергілікті тұрғындардың көмегімен судан шығарылды.