Республика аймақтарында тәулік ішінде шомылу кезінде 5 адам суға батып кетті

АСТАНА. 17 тамыз. ҚазАқпарат - Республика аймақтарында тәулік ішінде шомылу кезінде 5 адам суға батып кетті, олардың арасында бір бала бар.

Республика аймақтарында тәулік ішінде шомылу кезінде 5 адам суға батып кетті

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.

Ақтөбе облысының Оңғар кентінде ер адам суға батып кетті. Мәйітті судан жергілікті тұрғындар алып шықты.

Орал қаласында кеше сағат 16:15-те Жайық өзенінде 20 жастағы жігіт суға кетті. Мәйітті сағат 17:30-да ҚР ТЖМ Батыс Қазақстан облысы ТЖД су-құтқару қызметі күштері (3 адам және 1 техника) тауып, судан алып шықты.

Павлодар облысы Қызылжар ауылында Ертіс өзенінде 10 жастағы бала және 40 жастағы әйел суға кетті. Олардың мәйіттерін судан жергілікті тұрғындар алып шықты.

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданындағы Сілеті өзенінде 54 жастағы ер адам суға кетті. Мәйітті судан жергілікті тұрғындар алып шықты.