06:08, 06 Желтоқсан 2024 | GMT +5
Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады - Қазгидромет
АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК-сы желтоқсанның 6-сы күнгі күн райы болжамын жариялады.

Кәсіпорынның деректеріне қарағанда, атмосфералық ағындрдың өтуіне қарай ҚР аумақтарының басым бөлігінде күн құбылмалы болады, қар жауады, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жаңбыр мен қар жауады.
Республиканың оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, шығысында жоғары қысымды өрістің әсерінен күн жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады, оңтүстік-шығыста, солтүстікте жел күшейіп, солтүстікте, орталықта бұрқасын болуы ықтимал.
Осыған дейін синоптиктер желтоқсан айында күн райы қандай болатыны туралы болжамын жариялаған болатын.