Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді – Қазгидромет

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК-сы желтоқсанның 24-і күнгі күн райы болжамын жариялады.

Алматы снег туман қар тұман
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, бүгін 24 желтоқсанда циклон ойпаты және онымен байланысты атмосфералық ағындардың әсерінен елдің көп бөлігінде күн құлымалы болады. Елдің басым бөлігінде қар жауып, батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі, батыста көктайғақ болады.

Осыған дейін еліміздің кейбір өңірінде 35 градусқа дейін аяз болатыны хабарланды.

— Түнде ауа температурасының төмендеуі тек орталық пен шығыста 20-35 градус аязға дейін болжанады, ал қалған аумақта температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді, — делінген хабарламада.