Республика бойынша 1 677 825 бала егілді - ДСМ

АСТАНА. 11 мамыр. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда жаңа туылған нәрестеден бастап 6 жасқа дейінгі балаларды ағымдағы жылғы 3 мамырдан бастап 7 мамырды қос алғанда полиомиелитке қарсы қосымша иммундау шарасы өткізілгенін хабарлайды.

Республика бойынша 1 677 825 бала егілді - ДСМ

Балаларды қосымша иммундаудың мақсаты Қазақстан Республикасының полиомиелиттен еркін ел мәртебесін сақтау және балаларды осы инфекцияға қарсы иммундауды арттыру болып табылады, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) ұсынымы бойынша осы науқанды өткізу күндері Ресей Федерациясында қосымша иммундау жүргізу мерзімдерімен үйлестірілді.

Алдын ала қорытынды бойынша жалпы республика бойынша 1 677 825 бала егілді, ол ДДҰ-ның тиімді көрсеткіші кемінде 95% болған кезде вакцинациялауға жататын балалар санының 98,1%-ын құрады.

Қазіргі кезде барлық өңірлерде полиомиелитке қарсы қосымша иммундаумен қамтылмаған балаларды толығымен иммундау жалғасуда.

Иммундау күндерін өткізу барысында вакцинациядан кейінгі асқынулар тіркелген жоқ.