Республика бойынша 1845 қылмыс жасалса, оның 1454-інің ізі суымай ашылды

АСТАНА. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Өткен апта ішінде республика бойынша 1845 қылмыс жасалса, оның 1454-інің ізі суымай ашылды. Сонымен қатар бұрын жасалған 455 қылмыс әшкереленіп, 71 күдікті ұсталды және 10 қару тәркіленді.
None
None

Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов мәлім етті.

Оның айтуынша, таяуда Алматы қаласындағы Солтүстік шеңбер көшесі бойындағы жерасты өтпелі жолында 3 белгісіз азамат оңтүстік астанадағы фирмалардың бірінің 38 жастағы күзетшісіне күш қолданып, мекемеге тиесілі 50 мың АҚШ доллар салынған сөмкесін тартып алған.

«Жедел іздестіру іс-шаралары барысында 22 жастағы қала тұрғыны құрықталды. Одан ұрланған ақшаға сатып алынған «Мерседес» көлігі тәркіленді. Қазіргі уақытта осы қылмысқа қатыстыларды тұтқындау шаралары қабылдануда», деді ол.

Соңғы жаңалықтар