Республика бойынша 20,2 млн. тонна астық бастырылды - Ауыл шаруашылығы министрі

АСТАНА. 27 қыркүйек. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Республика бойынша 20,2 млн. тонна астық бастырылды. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық форматтағы отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті.
None
None

Оның атап өтуінше, ағымдағы жылы 16,2 млн. гектар дәнді дақылдар жиналады. Облыстық әкімдіктердің, ауыл шаруашылығы департаментерінің мәліметтеріне қарағанда, қазіргі таңда республика бойынша 12,8 млн. гектар алқаптың астығы жиналған.

«Орташа шығымдылығы гектарына 15,8 центнерді құрап, 20,2 млн. тонна астық бастырылды. Бұл 2010 жылғы деңгейден гектарына 7,1 центнерге артық»,-деді министр.

Оның атап өтуінше, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында жиын-терін толығымен аяқталған. Ал Шығыс Қазақстан, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарында астық бастыру науқаны аяқталуға жақын. «Жиын-терін жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру үшін ауыл шаруашылғы тауарларын өндірушілерді қаржыландыру бюджет қаражаты, сондай-ақ «ҚазАгро» ұлттық холдингі қаржы институттарының қаржысы есебінен дер уақытында қамтамасыз етілді»,-деді А. Мамытбеков.

Соңғы жаңалықтар