Республика бойынша 700 келі есірткі, оның ішінде 6,5 келіге жуық героин тәркіленді
![None None](/static/img/plug.webp)
Есірткі затын тасымалдау, сату, өндіру, өткізу бойынша бірнеше оқиғаның тіркелгенін атап өткен оның сөзіне қарғанда, ҚР ІІМ Есірткі бизнесімен күрес комитетінің қызметкерлері Қарағанды облысына қарасты Теміртау қаласынан 1 келі 200 грамм героин тәркілеген.
«Жүргізілген арнайы операциясының нәтижесінде осы өңірде «ауыр» есірткі заттарын сату желісін жолға қойған ірі есірткі диллері ұсталды. Жедел шара бір айдан астам уақытқа созылып, қылмыстық байланыстар анықталды», деді ол.
Сондай-ақ Қарағанды облысының ішкі істер қызметкерлері «Теміртау-Қарағанды» автожолының бойынан «Тойота» көлігін тоқтатқан. Аталған көліктің жүргізушісі, 46 жастағы қарағандылық азаматтың жеке заттарын тексеру барысында бірнеше грамм героин тәркіленген. Ал көлікті жіті тексеру барысында жолаушы отыратын орындық астына жасырылған 2 келіден астам есірткі табылған. Қазіргі уақытта героиннің сатуға арналғандығы белгілі болып отыр. Сонымен қатар ұсталған азаматтың пәтерін тінту барысында «Наган» револьвері мен 20-ға жуық оғы табылған. Сол күні Теміртау қаласында аталған азаматтың сыбайласы да ұсталып, одан да 170 грамм героин тәркіленген.
«Ірі көлемді есірткі затын сату мақсатында сақтау, тасымалдау және қару сақтау фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды», деді Қ.Жұманов.