Республика бойынша 94 адам суға батып, мерт болды - ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі

АСТАНА. Маусымның 17-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Жыл басынан бері республика бойынша 94 адам суға батып, мерт болды.

Республика бойынша 94 адам суға батып, мерт болды - ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі
Бұл туралы бүгін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінде өткен брифингте баспасөз қызметі жетекшісінің міндетін атқарушы Эльдор Райымбеков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оның сөзіне қарағанда, ағымдағы жылдың басынан бері елімізде суға кетудің 346 оқиғасы тіркелген. 94 адам суға батып, мерт болды. Мұндай келеңсіз жағдайлар Алматы, Қызылорда, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында көптеп орын алуда. Төтенше жағдайлар министрлігі өткізген талдау жұмыстары көрсеткендей, адамның суға кету оқиғаларының басым бөлігі - балаларды қараусыз қалдыру және суға мас күйінде түсу.