Республика бойынша белгіленген квота 941 мың тонна астықты құрайды - С.Құламбаев

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталған корпорация төрағасының орынбасары Серік Құламбаевтың айтуынша, сатып алынатын астықтың көлемі әр облысқа бөлініп, егістік алқаптарына сәйкес квота белгіленген. Астық сатып алу үрдісі облыс әкімдерінің ауыл шаруашылығына жауапты орынбасарлары басшылық жасайтын жұмыс тобының шешімімен жүзеге асады. Ал Ұлттық банк бөліп отырған төлемге қажетті 18 миллиард теңге қаражат есептік шотта тұр.
«Осыған орай сатып алынған астыққа есеп айырысу күнбе-күн жүргізіледі», деді С.Құламбаев.
Оның сөзіне қарағанда, республика бойынша белгіленген квота 941 мың тонна астықты құраса, бүгінгі күні облыстық жұмыс топтары соның 765 мың тоннасын ғана бекіткен. Яғни 180 мың тонна астықты сатуға өтініш әлі күнге дейін жоқ.
«Осыған орай корпорацияның өңірлердегі өкілдері жұмыс тобы берген квота неліктен орындалмай жатқандығын, сонымен қатар жоғарыда аталып өткен квотаға шаруашылықтардың өтініштерінің кешіктірілу себебін анықтауын өтінемін», деді төраға орынбасары.