Республика бойынша көші-қонның оң айырымы қалыптасты

АСТАНА. 11 шілде. ҚазАқпарат - 2013 жылғы қаңтар-мамырда республика бойынша көші-қонның оң айырымы қалыптасты. Республикаға келгендер саны кеткендер санынан 1600 адамға немесе 21,8 пайызға артық болды. Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті.
None
None
«Былтырғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда Қазақстанға келгендер саны 34,8 пайызға азайып, 8951 адамды құрады. Ал Қазақстаннан кеткендер саны 22,9 пайызға азайып, 7351 адамды қамтыды. Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен орын алуда», - деді агенттік басшысы.
ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің саны, тиісінше, 7410 (82,8%) және 6868 (93,4%) адамды құрады.
Ел ішінде қоныс аударатын көшіп-қонушылар саны 22,2 пайызға азайды және 106,1 мың адамды құрады. Өңіраралық қоныс аудару бойынша халық көші-қонының оң айырымы еліміздің 6 өңірінде байқалды: Астана (4179 адам) және Алматы (2137 адам) қалаларында, Алматы (2348 адам), Маңғыстау (787 адам), Атырау (265 адам), сондай-ақ Павлодар (176 адам) облыстарында.
Соңғы жаңалықтар
Референдум